KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 0,4 м/с, З
480.61 534.53 5.28

Шетелдік авто: ШҚО-да 1300-ден астам көлік заңдастырылды

29.03.2023, 09:41 299 Ләззат Қанатқызы

Елімізде шетелдік тіркеуде болған автокөліктерді заңдастыру жұмысы қарқынды түрде жүріп жатыр. Жалпы республика бойынша 23 қаңтардан бастап 70 мың көлік Қазақстан нөмірін алған.

Қазіргі таңда өңірде ресейлік және армяндық тіркеуде болған 1372 автокөлік заңдастырылған, деп хабарлайды  Altaynews тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауында 1 қыркүйекке дейін елге әкелінген шетелдік автомобильдерді заңдастыруды тапсырған болатын.

- Заңсыз көлік әкелетін амал-тәсілдің бәріне тосқауыл қою үшін батыл шаралар қабылдау қажет. Ал биылғы 1 қыркүйекке дейін елге әкелінген автокөліктерге қатысты ахуалды реттеу керек. Оларды заңдастыру мақсатында утилизация және алғашқы тіркеу үшін төленетін қаржы көлемін 200-250 мың теңгеден асырмай, бәріне бірдей және бір реттік алым алуды ұсынамын, - деді Президент.

Шетелдік есептегі көліктерді тіркеу науқаны 23 қаңтар күні басталған. Десе де, бастапқыда кейбір көлік иелері қиындықтарға тап болған, ал қазір заңдастыру жұмыстары штаттық режимде жүргізіліп жатқан көрінеді.

- Алғашқы айда 750 көлік заңдастырылды, қазір оның саны 1372-ге көбейді. Түрлі қиындыққа тап болған жүргізушілер болды. Мәселен, автомобиль жақында ғана есептен шығарылса мақұлданбауы мүмкін. Бірақ, базалар үнемі жаңарып отырады, - дейді "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ ШҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Ішкі істер министрлігі елге қосалқы бөлшектер ретінде әкелінген автомобильдерді заңдастыру шарттарын айқындайтын Үкімет қаулысының жобасын әзірледі

Айта кету керек, заңдастырылған көліктерің басым бөлігі Ресей Федерациясынан әкелінген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив