Шетелдік авто: алғашқы көлік Өскеменде тіркелді
Шетелдік есептегі көліктерді тіркеу науқаны аясында алғашқы автокөлік Өскеменде тіркелді.
Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны Анастасия Кузьмичева бүгін 2022 жылы Ресей Федерациясынан әкелінген көлігін тіркеді, деп хабарлайды Altaynews.kz.
«Мемлекет бізге берген бірегей мүмкіндікті пайдаландым. Бұл нақты қолдау, өте ризамыз. Көлігімді заңдастырғаныма қуаныштымын», - деді Анастасия Кузьмичева.
Жалпы бүгін 150-ден астам адам заңдастыру бойынша өтініш берген. Олардың 90-нан астамы бірінші кезеңнің мақұлдауын алды. Жаңа нөмірді тек 2 автокөлік иесі тіркеді. Көптеген көліктің кедендік мәліметтері табылмағанын да айтуымыз керек.