Өзін банкрот деп жариялағандарға 5 жыл несие берілмейді
Өзін банкрот деп жариялаған азаматтар енді 5 жыл бойы несие ала алмайды.
Ал сотсыз банкрот деп танылмаған азаматтар араға 3 ай салып қайта өтініш бере алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
– Азаматтардың жеке мәліметтері бойынша деректер базасына құзырлы мемлекеттік органдар жауапты екенін еске салғым келеді. Жоғарғы соттың мәліметтеріне сәйкес, бүгінде төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе банкроттықты сот арқылы рәсімдеу туралы 139 тұлға өтініш білдіріп, арыз берген, – дейді Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов.
Елімізде 3 наурыздан бастап банкроттыққа өтінім беру басталған болатын.
Оқи отырыңыз