KZ
Өскемен
-12°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
507.05 594.82 6.51

Облыстық оңалту орталығында "Ашық есік күні" болады

7.04.2023, 09:24 370 Оразай Жеңісұлы

Облыстық оңалту орталығында 9 сәуір күні сағат 10.00-де Ашық есік күні болады.

Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған акцияны қамқорлық мектебі өткізеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, бұл күні пациенттердің туыс-туғандары оңалту орталығының жұмысы туралы (нейрохирургиялық, кардиохирургиялық, ортопедиялық операциялардан, инсульт пен инфаркттан кейінгі оңалту кезеңдері мен мерзімдері, көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер) құнды мағлұмат алады. Сондай-ақ травматолог, невропатолог, реабилитолог, нұсқаушы, психолог, әлеуметтік қызметкер сияқты мамандарға көзбе-көз сұрақ қоюға болады.

Жазылу үшін мына телефондарға хабарласу керек: 8-777-152-59-00, 8-771-853-67-15.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу