KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
441.66 475.14 4.86

Өскемендегі қыздар төбелесі: тергеу аяқталды

17.05.2023, 17:21 531 Ләззат Қанатқызы

Өскеменде құрдастарын аяусыз ұрып-соққан қыздарға қатысты тергеу жұмыстары аяқталды.

Мектеп және колледж қабырғасында оқып жүріп, күдікті атанған қыздарға қатысты іс Өскемен прокуратурасына жолданды, деп хабарлайды  Altaynews тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, сәуір айының басында облыс орталығындағы сауда орталықтарының бірінде қыздардың төбелескен видеосы тарады. Онда белгісіз қыздар құрдастарын соққыға жығып, шашын жұлып, шешінуге мәжбүрлегенін көруге болады. Артынша, оқиға наурыз айында болғаны анықталды.

Жұрттың наразылығын тудырған видеодан кейін қыздардың жеке басына қатысты түрлі ақпараттар пайда болды. Ал арада 2 ай уақыт өтсе де, жарақаты жазылмаған жәбірленуші қыз бір апта бұрын ауруханаға жатқызылып, жақын күндері үйге шығарылғаны, бірақ денсаулығы әлі де қалпына келмегені белгілі болды.

 "Күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша іс қозғалған болатын. Қазіргі уақытта іс материалдарының мән-жайын анықтап, одан әрі сотқа жіберу мәселесін шешу үшін Өскемен прокуратурасына жолданды", дейді ШҚО ПД баспсөз қызметі.

Бұған дейін іске қатысы бар 7 адамның анықталғанын, барлығы кәмелет жасқа толғандықтан қылмыстық жауапкершілікке өздері тартылатынын мәлімдеген болатынбыз.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив