KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 1 м/с, С
480.55 533.75 5.36

Өскемендегі қыздар төбелесі: Зардап шеккен қыз ауруханаға жатқызылды

11.05.2023, 11:48 1 384 Ләззат Қанатқызы

Өскеменде өз құрдастарынан аяусыз соққы жеген қыз тағы ауруханаға жатқызылды.

Бұл туралы «Не Молчи» қорының директоры Дина Смаилова мәлімдеді. Қыздың әпкесі де бұл ақпаратты растап отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, сәуір айының басында әлеуметтік желіде Өскемендегі сауда орталықтарының бірінде  төбелескен қыздардың видеосы тараған болатын. Бейнежазбадан бір топ қыздар өз құрдастарын аяусыз ұрып-соғып, видеоға түсіргенін көруге болады. Алдымен қыздың шашын жұлып, жұдырық жұмсайды, артынша шешіндіріп, бетінен тебеді.

Бұл жағдайға байланысты ШҚО білім басқармасы, ШҚО ПД өкілдерінің қатысуымен брифинг те өткен болатын. Олар тергеу ісі аяқталмағанын алға тартып, мәліметтер жария етуге жатпайтынын айтқанымен, видеоны көрген тұрғындар қыздар туралы өздері білетін ақпаратты ашық жария ете бастады.

Арада 2 айдан астам уақыт өтсе де, құрдастарынан соққы жеген қыздың денсаулығы қалпына келмеген көрінеді. Кеше «Не Молчи» қорының директоры Дина Смаилова зардап шеккен қыздың тез арада ауруханаға жатқызылғанын мәлімдеді.

– Видеодан қызды қалай жұдырықтағанын, тепкілегенін анық көруге болады. Ол көзінен, бетінен қатты соққы алды. Ол жедел жәрдеммен медициналық мекемеге жеткізіліп, қайтадан ауруханаға жатқызылды, – деді өзінің тікелей эфирінде Дина Смаилова.

Бұл ақпаратты естіп, бірден қыздың әпкесі Тоғжан Досымоваға хабарласқан болатынбыз.

– Иә, ауруханаға жатқызылды. Қазір дәрігерлер тексеріп жатыр, нақты ештеңе айта алмаймын, – деді ол.

Ал соққыға жыққан қыздардың қандай жаза арқалайтыны әзірге белгісіз. Тергеу жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив