ШҚО-да ауыл шаруашылық саласы қарқынды дамып келеді
ШҚО-да ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді. Өңірдегі өндіріс өсімінің қарқыны туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты.
Үкімет отырысында министр ауыл шаруашылығы саласы бойынша көшбасшылардың бестігіне енетін облыстарды атап өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Биыл облыстағы ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім үш жарым пайызға өскен.
Сондай-ақ министр экономикалық көрсеткіштер бойынша Абай, Ұлытау, Жетісу, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында жоғары көрсеткіш байқалатынын атап өтті.
Өткен жылы шығысқазақстандық кәсіпорындарда 315 мың тонна өсімдік майы, 20 мың тоннаға жуық ет өнімі және нан, 25 мың тонна құс еті мен 50 мың тоннаға жуық сүт өнімі өндірілген.