KZ
Өскемен
-24°
плотный туман жел 1 м/с, З
501.02 597.27 6.59

Соңғы қоңырау 1 маусымда соғылады – ШҚО

19.05.2023, 15:19 558 Ләззат Қанатқызы

Биылдан бастап Қазақстанда соңғы қоңырау 1 маусымда атап өтіледі. Оқушылар үшін 31 мамыр соңғы оқу күні болмақ.

1 маусым – жазғы каникулдың алғашқы күні, сонымен қатар бұл күні Балаларды қорғау күнімен қатар мектептерде соңғы қоңырау мерекесі өткізіледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Министрлік соңғы қоңырау мерекесі мен салтанатты жиынды 1 маусым күні өткізуді ұсынды, сондықтан өңірде мереке 1 маусым күні өтеді, – деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Динара Шаухина.

Естеріңізге сала кетейік, ШҚО-да биыл 12 мыңнан астам оқушы үшін соңғы қоңырау соғылады. Ал 3 мың оқушы мектеп қабырғасын тәмамдамақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу