ШҚО кәмелетке толмағандар орталығындағы дау: тексеріс нәтижесі жарияланды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Өскеменде кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық көрсетілгені туралы қауесеттерді тексеру қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Облыстық білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева мекемедегі зорлық-зомбылық туралы ақпаратқа қатысты жоспарланған тергеу шараларының барлығы аяқталғанын айтты.
"Бүгінгі күні мынадай тергеу шаралары жүргізілді: куәгерлерден жауап алынды, барлық құжат тексерілді. Құқық қорғау органдары мәліметінше, деректер расталған жоқ", – деді Инесса Чернышева.
Еске салайық, орталықта балаларға жыныстық зорлық-зомбылық жасалды деген қауесет наурызда шыққан болатын. Жағдайды анықтау үшін Балалар омбудсмені Аксана Қаленованың төрағалығымен жұмыс тобы құрылды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған болатын.