KZ
Өскемен
-9°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
522.63 548.66 5.07

Этникалық қазақтарға арналған "Ата жолы" картасы шілде айында іске қосылады

Фото: arna-news.kz

6.06.2023, 17:20 390 Оразай Жеңісұлы

Шілдеден бастап өзге елде тұратын этникалық қазақтар "Ата жолы" картасын алып, Қазақстанға оңайлатылған кіру мүмкіндігін пайдалана алады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Ата жолы" картасының иегерлері елге кірген кезде 10 жыл мерзімге тұруға рұқсат алады. Мұндай картасы бар этникалық қазақтың кандастардан айырмашылығы – басқа елдің азаматы бола тұра Қазақстан Республикасының азаматтарымен және қандастарымен тең құқыққа ие болады.

"Ата жолы" картасы бар адамдар мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ және мемлекеттік қызметке кіре алмайды. Егер "Ата жолы" картасының иесі Қазақстан азаматтығын алса, оның картасы жарамсыз деп танылады. Ал еңбек ету немесе бизнес жүргізу үшін қоныстану өңірін өз бетінше таңдайды", делінген хабарламада.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу