Абай облысы: Өрт сөндіру жұмыстары әлі жалғасуда
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Абай облысындағы алапат өртті ауыздықтау жұмыстары әлі де жалғасуда.
Қазіргі уақытта елді мекендерге ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлайды Altaynews тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 1 800-ден астам адам, 350-ге жуық техника жұмылдырылған.
Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Сырым Шәріпханов оқиға орнынан өрт сөндіру жұмыстарын үйлестіруде.
Пилотсыз ұшу аппаратын пайдалана отырып, аэровизуалды барлау нәтижелері бойынша өрт Қаштақ орманшылығынан Семей қаласына қарай бағыт алып, жоғары өрбігені байқалады. Жедел іс-қимылдар мен уақтылы қабылданған шаралардың арқасында өрттің елді мекендерге таралуына жол берілген жоқ.
Қазіргі уақытқа дейін жедел желіге 150 қоңырау түсті. ТЖД жедел желі телефоны: 8 722 235 38 31.
«Қазгидромет» АҚ деректері бойынша 14 маусым күні: өткінші жаңбыр (жаңбырдың ықтималдығы 60%), найзағай, дауыл, солтүстік-шығыстан соққан жел секундына 15-20 метрге, екпіні секундына 23-28 метрге дейін болады деп күтілуде. Түнде ауа температурасы +5+100С, күндіз +18+23 0С.