KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность жел 5 м/с, В
443.37 474.49 4.83

Өртті сөндіруге 2000 тоннадан астам су төгілген – Абай

Фото: Абай облысы әкімдігінің парақшасынан

12.06.2023, 12:00 415

Абай облысындағы алапат өртті сөндіруге байланысты соңғы ақпарат әкімдік парақшасында жарияланды.

Ақпаратқа сүйенсек, өрт сөндіру жұмыстары басталғалы бері әуеден 2 мың тоннадан астам су төгілген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Минералданған жолақтар салу жұмысы қиын жағдайға байланысты тоқтатылған. Әкімдіктің хабарлауынша, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Өрт сөндіру жұмыстары басталғалы бері өртке әуеден жалпы көлемі 2 мың тоннадан астам су төгілген. Мамандар әуеден 777 рет су шашқан көрінеді.

Талица ауылына қарай тараған өрт дала аумағында сөндірілген. Қазіргі таңда төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов жұмысты үйлестіру үшін оқиға орнында жүр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив