Шетелдік көліктерді заңдастыру 1 шілдеден кейін де жалғасуы мүмкін
Фото: paryz.kz
Шетелдік көліктерді заңдастыру 1 шілдеден кейін де жалғасуы мүмкін. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті Ашық НҚА порталында жариялаған қаулы-жобасында жазылған.
Құжат 23 маусымға дейін көпшілік талқылауда болып, кейін қол қою үшін Премьер-Министрге жолданады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Онда азаматтардың заңдастыру шарттары туралы алдын ала хабарланғанына қарамастан, көптеген автомобильдер бұрынғы тіркеу орны бойынша есептен шығарылмағаны немесе тіркеу әрекеттерін жасауға тыйым салулар мен шектеулерге байланысты заңдастырудан өтпегені жазылған