Премьер-Министр жаңа әкімге жылумен қамту мәселесін шешуді тапсырды
![](/kz/uploads/posts/2023-06/3455431.webp)
Фото: primeminister.kz
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ШҚО-ның жаңа әкіміне жылумен қамту мәселесін шешуді тапсырды.
Бүгін ҚР Премьер-Министрі барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының отырысына қатысу үшін Өскеменге келді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Ол өңір халқына жаңа әкімді таныстырып, алға қойылған міндеттерді атап өтті. Сондай-ақ жаңа әкімге Риддер ЖЭО-дағы мәселелерді алдағы жылыту маусымы басталғанға дейін шешуді тапсырды.
- Өткен қыста Риддер ЖЭО-да қазандық агрегаттарында 81 авариялық жағдай тіркелді. Қыс бойы қала тұрғындары жылусыз отырды. Аталған проблемаларды жаңа жылыту маусымы басталғанға дейін шешу керек. Осыған байланысты облыс әкімдігінің алдында Риддер ЖЭО-ны күрделі жөндеу және алдағы жылыту маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз ету міндеті тұр, - деді Әлихан Смайылов.
Сонымен қатар аймақтағы экологиялық ахуал мен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де ерекше назар аудару керектігін айтты.
Оқи отырыңыз