KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 2,7 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Екі апта қалды: шетелдік көлік иелеріне ескерту жасалды

Сурет: elements.envato.com

19.06.2023, 17:02 358 Оразай Жеңісұлы

2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінетін шетелдік көліктерді заңдастырудың аяқталуына екі апта қалды. 1 шілдеден бастап көлік иелерінен өтініш қабылдау тоқтатылады.

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Алтынбек Жамалиев осы жылдың 1 шілдесіне дейін өтініш берген барлық қазақстандыққа белгіленген мерзімнен кейін көліктерін заңдастыру құқығы берілетінін айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

"Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылмаған және осы себепті заңдастырылмаған автокөліктерге келетін болсақ, аталған автокөліктердің иелеріне оларды Қазақстанда 5 жыл мерзімге немесе елдегі кейіннен бастапқы тіркеу туралы міндеттемемен уақытша есепке қою құқығы берілетін болады", - деді Жамалиев.

Уақытша тіркеу кезінде көлік құралын тіркеу туралы куәлік және Қазақстан Республикасының мемлекеттік нөмірлік белгілері беріледі (мемлекеттік баж салығы төленеді: белгі үшін - 9 660 теңге, куәлік үшін - 4 313 теңге, тұрақты тіркеу үшін алым - 863 теңге). Тіркеу туралы куәлікте иеліктен шығару және Қазақстаннан тыс жерлерге шығу құқығынсыз уақытша есепке алу көрсетіледі. Шет мемлекетінің тіркеу құжаттары мен мемлекеттік нөмірі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына сақтауға тапсырылатын болады.

"Егер Қазақстан азаматтары бұл көліктерді елден алып кетуге шешім қабылдаса, олар тіркеу құжаттары мен Қазақстанның мемлекеттік нөмірлерін тапсыруы керек, содан кейін оларға тіркеу құжаттары мен шет мемлекеттерінің нөмірлері қайтарылады", - деді Ішкі істер министрлігі Әкімшілік комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі инспекторы.

Егер автокөліктер бұрынғы тіркелген елде тіркеуден шығарылса және олардың иелері Қазақстанда бастапқы тіркеуді жүзеге асыруға шешім қабылдаса, онда олар бастапқы тіркеу үшін 200 000 теңге төлей отырып, заңдастыру шарттарымен толық қамтылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив