Шетелдік көліктерді заңдастыру 2 аптадан соң аяқталады
Inbusiness.kz
Елімізде шетелдік көліктерді заңдастыру екі аптадан кейін аяқталады.
16 маусымдағы жағдай бойынша барлығы 161 мың автокөлік заңдастырылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Сондай-ақ тағы 13 мыңнан астам көлік тіркеуді күтіп отыр.
22 мамырдан бастап 7 мыңға жуық автокөлік-конструктор қазақстандық есепке қойылды.
- Көптеген азаматтар өз көліктерін заңдастыруға үлгермей қалуымыз мүмкін деген алаңдаушылық білдіруде. Осыған байланысты ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін өтінім берген Қазақстанның барлық азаматтарына көрсетілген мерзімнен кейін автокөліктертерді заңдастыру құқығы берілетінін хабарлағым келеді, - деді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.
Ал Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылмай, тиісінше заңдастырылмаған темір тұлпарлар ел аумағында 5 жыл мерзімге уақытша есепке қойылады.
- Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап заңдастыруға өтінімдерді қабылдау тоқтатылады және заңдастыру мерзімі ұзартылмайтынын ескертеміз. Одан кейін шетелдік есепте тұрған автокөліктерді Қазақстан Республикасының заң талаптарын бұзып пайдалануды жалғастырған азаматтарға тиісті шаралар қабылданады, - деп түйіндеді Әкімшілік полиция комитетінінің төрағасы.
Оқи отырыңыз