KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 5 м/с, ОШ
441.66 475.14 4.86

ШҚО-да қанша түлек алтын белгі алды?

Фото: ortcom.kz

21.06.2023, 22:31 660 Ләззат Қанатқызы

Биыл ШҚО-да 12603 түлек мектеп бітіріп, оның ішінде 275-і "Алтын белгі" иегері атанды.

Ертең өңірде аттестаттар тапсыру рәсімі аяқталып, мектеп бітіру кештері басталады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– 11-сынып оқушыларында бітіру кештерін өткізуге байланысты шектеулер жоқ. Әр мектеп мерекені қалай өткізу керектігін өздері шешеді. Аттестаттарды тапсыру рәсімі 22 маусымда аяқталады. Ал мектеп бітіру кештері шілде айының басына дейін жалғасады, – деді ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Динара Шаухина.

11-сынып түлектерінің 70%-дан астамы республиканың жоғары оқу орындарына түсетіні белгілі, ал 9-сынып түлектерінің 46%-ы колледждерде оқуын жалғастырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив