KZ
Өскемен
-2°
облачно с прояснениями жел 9 м/с, ОШ
511.26 597.61 6.32

Қазақстанға көшіп келушілер күрт көбейді

Фото: azattyq.org

3.07.2023, 17:29 384 Оразай Жеңісұлы

Биылғы үш айда елімізге 7,7 мың адам келген. Бұл өткен жылғыдан 87% жоғары, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанға көшіп келушілердің 5,5 мыңы қалаларға (бір жыл бұрынғыға қарағанда 2,2 есе жоғары), 2,2 мыңы ауылдарға (бір жыл бұрынғыдан 33,3% көп) қоныстанған.

Қоныс аударушылар көбіне Маңғыстау облысына келген – 1,5 мың адам, соның ішінде жылына 10,6%. Көшіп келушілер үшін танымал өңірлер Алматы (1,4 мың адам, жылына өсім 2,3 есе) және Алматы облысы (791 адам, жылдық өсім 2 есе). Ал Қызылорда облысына қоныс аударушылар аз, жыл басынан 4 адам ғана келді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу