KZ
Өскемен
-7°
небольшая облачность жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

«Жайлы мектеп» жобасы бойынша салынатын мектептер саны қысқарды

Фото: egemen.kz

11.07.2023, 10:23 181

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жалпы еліміз бойынша 368 мектеп бой көтеретін болды.

Бұған дейін ұлттық жоба аясында 401 мектеп бой көтеруі тиіс еді. Алайда бұрын бекітілген тиісті Үкімет қаулысына өзгеріс енгізіліп, білім ордаларының саны 33-ке азайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

  "Үкімет 2022 жылы білім беру инфрақұрылымын қолдау қорын құрды. Аталған қордың қаражаты мектеп құрылысына жұмсалады. 2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша қор қаражаты есебінен 96,5 млрд теңге сомаға 78 мың оқушы орнына (екі ауысымда) 61 мектеп салу ісі қаржыландырылды. Бюджет қаражатын ұтымды және тиімді пайдалану мақсатында Оқу-ағарту министрлігі өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, апатты объектілерді жою, үш ауысымдық оқыту және орта білім беру ұйымдарында оқушы орындарының тапшылығы үшін өңірлер бөлінісінде жаңа оқушы орындарын енгізу бойынша қажеттілікке қайта талдау жүргізді. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен 2023 жылғы 17 сәуірдегі жиында мектептер санын қысқарту және құрылысқа жоспарланған мектептердің жобалық қуатын оңтайландыру жолымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде енгізілетін оқушы орындарының санын оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізу тапсырылды," – деп жазылған өзгеріс енгізілгелі отырған Үкімет қаулысының-жобасында.

Осыған байланысты, ұлттық жоба аясында салынатын білім ордалары мен қаражат көлемі қысқаруы мүмкін.

  "Ұлттық жоба аясында салынып жатқан нысандар саны 368 мектепті құрайды. Жалпы, бекітілген Ұлттық жобада – 401 мектеп. Яғни олардың санын 33 мектепке азайту көзделген. Ал Ұлттық жобаға сай айқындалған екі ауысымда оқитын мектептердегі 842 мың оқушы орнын 104 мыңға азайтып, 738,2 мың оқушы орнына арнап бекіту ұсынылады. Ұлттық жобаны іске асыруға арналған бюджет шығыстарының көлемі 2 606 596 055 мың теңге болып бекітілген. Енді ол 61,8 млрд теңгеге төмендеп, 2 544 789 842 мың теңге болады", – делінген қаулыда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу