Балалар арасында қызылша ауруы тарап жатыр – ДСМ
![](/kz/uploads/posts/2023-04/photo_111404.webp)
Мәжілісте журналистер денсаулық сақтау министрінен елде қызылша дертінің көбейіп жатқаны туралы сұрады.
Ажар Ғиният балалар арасында қызылша ауруы тарап жатқанын растады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«Қазір балалар арасында қызылша ауруы тарап жатыр. Инфекция ауа арқылы тарайды. Ауруды жұқтырудың алғашқы деректері шетелден (Түркия, Ресей Федерациясы) келгендер мен туристерден анықталды. Осылайша, балалар ауруды жұқтырып, ауыра бастады. Көбіне екпе алмаған балалар ауырды. Оларда ауруға қарсы иммунитет болмаған», – деді А.Ғиният.
Дегенмен министр мектептерде карантин енгізудің қажеті жоқ екенін атап өтті.
«Қазақстан бойынша ауру жұқтырудың 100 дерегі тіркелді. Әзірше, эпидемия басталған жоқ», – деді министр.