KZ
Өскемен
-11°
туман жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Мемлекет кімдерге МӘМС жарнасын төлейді?

Фото: kokshe-news.kz

27.07.2023, 11:52 221 Оразай Жеңісұлы

Мемлекет халықтың әлеуметтік осал топтарындағы азаматтардың 15 санаты үшін міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жарнасын төлейді.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Аталған 15 санатқа кіретіндер:

1) 18 жасқа дейінгі балалар;

2) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;

3) бала үш жасқа толғанға дейін оны тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар;

4) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға, сондай-ақ баланы үш жасқа толғанға дейін күтуге байланысты демалыста жүрген адамдар;

5) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;

6) мүгедек балаға күтім жасайтын жұмыс істемейтін тұлғалар;

7) бала кезінен мүгедектерге күтім жасаушылар;

8) мүгедектер;

9) зейнеткерлер мен ҰОС ардагерлері;

10) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алатын адамдар;

11) жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар;

12) жұмыс істемейтін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар;

13) жұмыс істемейтін оралмандар;

14) қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар;

15) тергеу изоляторларындағы адамдар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу