KZ
Өскемен
-3°
небольшой снегопад жел 7 м/с, Ю
493.85 519.04 4.97

Көші-қонда оң үрдіс пайда болды

8.08.2023, 11:00 168 Оразай Жеңісұлы

Елімізге азаматтар негізінен ТМД елдері, Қытай және Моңғолиядан қоныс аударған.

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында айтты,деп хабарлайды  Altaynews.kz сайты.

"Қазіргі геосаяси ахуал және көші-қон саясаты тұжырымдамасының шараларын  атқару нәтижесінде  соңғы 10 жылдықта алғаш рет көші-қон саласында оң үрдіс қалыптасты. Келген азаматтардың негізгі географиясы – ТМД елдері, Қытай және Моңғолия. Тұрақты тұруға қалған азаматтардың басым көпшілігі еңбекке қабілетті техникалық (1443 адам), экономикалық (577 адам), педагогикалық (288 адам) және медициналық жоғары білімі бар азаматтарды құрап отыр", - деді министр.

Сөзінше, ішкі көші-қон үрдісінде де оң өзгерістер байқалып отыр.

"Есепті кезеңде 160 мыңнан астам тұрғын ел ішінде қоныс аударды. Ірі қалаларға көш тізгінін бұрған азаматтардың үлес салмағы 40 пайыз көлемінде болған", - деді ведомство басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу