KZ
Өскемен
-24°
туман жел 1 м/с, СБ
504.6 594.27 6.48

Министрлер мен әкімдер неге назар аударуы тиіс?

Фото: egemen.kz

15.08.2023, 11:11 358

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін министрлер мен әкімдер назар аударуы тиіс іс-шараларды атады.

Министрдің айтуынша, уақтылы егін жинауды және құрылыс жұмыстарының маусымын тиімді жүргізуді қамтамасыз ету қажет, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

- Сондай-ақ экспорттың өсуін қалпына келтіру үшін қосымша шаралар қабылдау және баламалы бағыттарды тиімді пайдалану қажет, - деді министр.

Ол белсенді түрде инвестиция тарту және бюджет қаражатын тиімді игеру мәселесіне де назар аудартты.

- Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының өсуін болдырмау бойынша іс-шаралар қабылдау және тұрақты мониторинг жүргізу керек. Тұрақты және уақытша жұмыспен қамту іс-шараларын қолдау арқылы еңбек нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету қажет, - деді Әлібек Қуантыров.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу