KZ
Өскемен
+2°
переменная облачность жел 2 м/с, Ю
480.63 535.13 5.27

ШҚО-да электромобиль құрастыратын зауыт салынбақ

19.08.2023, 14:09 187 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-ға жұмыс сапарымен қытайлық GEELY компаниясының өкілдері келді.

Облыс әкімдігінде делегаттардың, ШҚО әкімінің орынбасары Дархан Сапанов пен бейінді басқармалардың басшыларымен кездесуі өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланып, Аспанасты елінің кәсіпкерлері Қазақстанда электромобиль өндірісін шоғырландыру жоспары туралы айтты. Бұл тұрғыда ШҚО басымдығы жоғары өңір ретінде танылып отыр.

- Елімізде өндірістің осы түрін инвестициялауды жоспарлап отырмыз. Қазір нарықты талдап, жан-жақты зерттеу жүргізіліп жатыр, - деді Zhejiang Geely New Energy Commercial Vehicle Development CO LTD аймақтық директоры Хуан Шин.

Компания өкілдерінің айтуынша, олар қазақстандық нарыққа жеңіл электр көліктерін ғана емес, жолаушылар автобустарын, квадрокоптерлерді және басқа да өнеркәсіптік техниканы ұсына алады.

- Біз өндірісті ШҚО-да шоғырландыру бойынша өзара ынтымақтастыққа мүдделіміз. Өңірімізде автомобиль жасау тәжірибесі мен барлық қажетті инфрақұрылым бар. Сонымен қатар географиялық жақындықты және салынып жатқан автожолды ескерсек, ынтымақтастықтың болашағы зор. Ауыл шаруашылығын, атап айтқанда, өнімді тереңдетіп өңдеуді дамыту біз үшін маңызды. Бұл бағыт та зерттеуге тұрарлық, - деді облыс әкімінің орынбасары Дархан Сапанов.

Қазақстандағы автокомпания дистрибьюторының айтуынша, зауытты орналастыру үшін мемлекет тарапынан қолдау қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив