ШҚО-да көлік ұрлаған жасөспірімдер ұсталды

шартты сурет
Тәртіп сақшылары Катонқарағай ауданының Үлкен Нарын ауылында ВАЗ-2106 маркалы көлікті тоқтатқан. Тексеру кезінде көлікті 2006 жылы туған жасөспірім жүргізіп келе жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жүргізушінің жанында кәмелетке толмаған тағы екі жеткіншек болған.
«Жасөспірімдердің аулада тұрған көлікті ұрлағаны анықталды. Сондай-ақ осы оқиғадан бірнеше сағат бұрын ғана олар Chevrolet маркалы тағы бір ұрланған көлікпен жүрген», - деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.