KZ
Өскемен
+27°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, В
450.79 482.21 5.05

Елімізде мұғалімдерді аттестаттаудың жаңа жүйесі әзірленді

10.10.2023, 17:25 162 Ләззат Қанатқызы

Енді мұғалімдер аттестаттаудан өткен портфолионы қағаз түрінде жинамайды. Бұл мәселе көктемнен бастап қолға алынбақ.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев толығырақ айтып берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

- Ұстаздардың шағымының көпшілігі қағазбастылыққа, аттестаттау кезінде портфолионы көп жинауға және әдістемеге қатысты қажетсіз тестердің болуына қатысты еді. Бұл көтерілген мәселенің бәрі ескеріліп, жаңа жүйе енгізу бағытында үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр. Бірінші кезекте аттестаттаудың жаңа жүйесі әзірленді, - деді министр.

Ведомство басшысының айтуынша, аттестаттаудың жаңа жүйесі жуық арада ашық НҚА порталында жарияланады.

- Ең бастысы аттестациядан қағаз түріндегі пртфолияны жинау алынып тасталғанын нақты айтуға болады және тестілеу жүйесін қайта қарастыру мәселесі де ескерілген, деді Ғани Бейсембаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив