Қазақстандықтар QR-кодпен жұмысқа орналаса алады
Фото: rodinananeve.ru
Елімізде жұмысқа анықтамасыз орналасу мүмкіндігі жасалуы мүмкін.
Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
- Алдағы уақытта біз неге назар аударатын боламыз? Таяу уақыттың ішінде жұмысқа анықтамасыз (қағаз жүзіндегі – ред.) орналасу мүмкіндігін жасайтын боламыз. Жұмысқа орналасқан әрбір адам тіпті, электронды нұсқадағысын басып шығарып, кадр бөліміне апару қажеттігін біледі. Біз бүгін Президентке таныстырғандай, QR-мен ғана жұмысқа орналасып, еңбек келісімшартына қол қоятындай жасаймыз, – деді министр елордада өтіп жатқан Digital Bridge 2023 халықаралық технология форумында.
Еске салайық, бүгін Астанада IT индустриясының соңғы үрдістері мен даму перспективаларын талқылауға арналған Орталық Азиядағы ең ірі алаң Digital Bridge 2023 форумы басталды.
Оқи отырыңыз