KZ
Өскемен
+12°
небольшой проливной дождь жел 5 м/с, Ю
492.14 528.85 5.01

Жол мәселесі біртіндеп шешіліп келеді – ШҚО

Фото: halyq-uni.kz

18.10.2023, 18:24 187

Ауыл мен қаланы, шаһар мен даланы, ел мен елді, жер мен жерді жалғап жатқан жолдың сапасы күн тәртібінен түсер тақырып емес. Алысты жақын, жақынды алыс қылу күре жолдың күтімі мен жағдайына тікелей байланысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына Жолдауында көлік жолдарының сапасы мен құрылысына баса назар аударған болатын. Сондай-ақ 2029 жылға дейін 4 мың шақырымнан астам жолға күрделі жөндеу жүргізілетінін де атап өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

– Автокөлік жолдарының құрылысы мәселесі шешімін табуға тиіс. Қазір оның сапасы сын көтермейді. Тиісті жұмыстар уақтылы және сапалы жасалмайды. Жемқорлық белең алып тұр, бәсеке де жоқтың қасы. Мұның бәрі – осы салада әбден тамыр жайған кемшіліктер. Сондықтан жыл соңына дейін нақты шаралар қабылдау қажет. Міндетін адал атқармаған барлық компания заң бойынша жауапқа тартылады. Бұл мәселеге мен баса назар аударамын. Бақылауды күшейтіп, жаңа нормативтік құжаттар қабылдау керек. 2029 жылға дейін 4 мың шақырымнан астам жолға күрделі жөндеу жүргізу қажет, – деді Президент.

ШҚО-да 2024 жыл «Жол жылы» деп жарияланған болатын. "Талдықорған-Қалбатау-Өскемен" тасжолындағы сағызша созылған жөндеу жұмыстары да келесі жылы аяқталмақ. Дәл қазір онда жұмыстар қарқынды түрде жүріп жатыр.

Айта кету керек, «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» автожолының жалпы ұзындығы 786 шақырымды құрайды. Оның 11 учаскеге бөлінген 458 шақырымы Шығыс Қазақстан облысына тиесілі.

Қазіргі уақытта аталмыш жол учаскесінің жалпы 60 шақырымды құрайтын жолға, яғни 1013-1073 шақырымы жөнделіп жатыр. Ал "Қалбатау-Майқапшағай" автожолында ұзындығы 218 шақырым жолға қайта жарақтау жұмыстары жүргізілуде. Бірінші бағыт бойынша қозғалыс жыл соңына дейін ашылмақ. Ал толықтай 2024 жылы тапсырылады.

Қолданыстағы жобалар аяқталғаннан кейін "Өскемен-Семей" тасжолы мен "Өскемен – Шемонаиха-Ресей Федерациясының шекарасы" көлік жолдарын қайта жаңарту да жоспарланып отыр.

#republicdaykz #kzdayrepublic 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив