KZ
Өскемен
-28°
плотный туман Штиль
515.89 536.32 5.17

Қысқа дейін «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» тасжолы аяқтала ма?

Фото: Informburo.kz

19.08.2023, 15:13 279 Ләззат Қанатқызы

Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың төрағалығымен «Қалбатау-Майқапшағай» және «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» республикалық маңызы бар автожолды қайта жаңғырту жұмыстарына қатысты кеңес өтті.

Жиынға Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ филиалының, «Синьсинь» және «Ситик» мердігер компаниясының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Димитрий Гариков облыс үшін екі маңызды автожолдағы жөндеу жұмыстарында кешігу барын және осы бағытта жұмысты күшейту керек екенін атап өтті.

- «Қалбатау-Майқапшағай» автожолының кейбір учаскелерінде жұмыстар кешігіп жатыр, бұдан бөлек жоспарға сәйкес қысқа дейін «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» жолында асфальт қабатымен қозғалысты ашу керек, бірақ бұл бағытта да жұмыстар тұралап тұр. Жұмыстарды жандандыру мақсатында жұмысшылардың үшінші ауысымын қосуға келістік. Сондықтан тоқтап тұрған учаскелерді аяқтау туралы уәделеріңізді орындауларыңыз қажет, - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.

Сонымен қатар жиын барысында қатысушылар жол учаскелерін қысқы кезеңге дайындау бағытында жұмыс қарқынын арттыру қажеттілігін талқылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу