Әскерде жүрген 1500 сарбаз жеңілдікпен оқуға түсті
Фото: qaz.ulysmedia.kz
Әскерде жүрген 1500 сарбаз жеңілдікпен оқуға түсті. Енді олар жоғары оқу орындарында тегін білім алады.
Мұндай мүмкіндік жауынгерлік қабілеті мықты сарбаздарға берілді. Олардың барлығы былтыр күзде ғана әскерге шақыртылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Жауынгерлік даярлық, жеке тәртіп, арнайы міндеттерді толық орындау, үміткердің психологиялық деңгейі. Сарбаздарды жоғары оқу орнына іріктеуде қойылатын басты талаптар осы.
Ал оның арнайы комиссия мүшелері іріктейді. Оның құрамында Қарулы Күштердің басшылығынан бөлек, Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, Ұлттық ұланның және Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері бар
Былтыр қазан айында Қорғаныс министрілігі еліміздегі 70-ке жуық жоғары оқу орынымен келісім шартқа қол қойды. Білім мекемелері 3 мың грантты бөлген. Оның жартысы көктемде үлестірілген.
Жоғары оқу орындарына түсу үшін берілген сертификаттарды байқау жеңімпаздары "Срочники 2.0" платформасынан ала алады.