KZ
Өскемен
-7°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

1500 сарбаз ЖОО-да тегін оқуға мүмкіндік алды

Фото: gov.kz

15.06.2023, 17:18 225 Ләззат Қанатқызы

2022 жылғы көктемде шақырылған мерзімді қызмет сарбаздарын ЖОО-ға іріктеу конкурсы аяқталды.

Кандидаттарды іріктеу келесі критерийлер бойынша жүргізіледі: жауынгерлік дайындық; жеке тәртіп; арнаулы міндеттемелерді орындаудың толықтығы; психологиялық жағдайды бағалау, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаева айтты.

Оның айтуынша, әр сарбаз үш университетті таңдай алады. «Срочники 2.0» электронды жүйесінде сарбаздарды ЖОО-лар бойынша бөлу автоматты түрде жүргізіледі.

– Қорғаныс министрлігінде жоғары оқу орындарына сарбаз бөлуді бақылау үшін комиссия құрылғанына ерекше назар аударғым келеді. Комиссия құрамына Қарулы күштердің басшылық құрамы, Ұлттық ұлан, Төтенше жағдайлар министрлігі секілді күштік құрылымдардың өкілдері, азаматтық жоғары оқу орындарының және сарбаз аналары комитетінің өкілдері кірді, – деді спикер.

Қазір конкурстық іріктеуге 2022 жылғы көктемде шақырылған 12 548 мерзімді қызмет сарбазы қатысуда. Оның ішінде Қорғаныс министрлігі, Мемлекеттік күзет қызметі, Төтенше жағдайлар министрлігінен – 6539 сарбаз, Ұлттық ұланнан 6007 сарбаз бар.

2022 жылғы күзде шақырылғандар үшін квотаның екінші бөлігі осы жылдың күзінде өтеді.

Сарбаздар жоғары оқу орындарына түсу сертификаттарын «Срочники 2.0» платформасынан ЖСН арқылы тексере алады. Сондай-ақ тізімдер әлеуметтік желілерде жарияланып, жоғары оқу орындарына жіберіледі.

– Қазір ЖОО білімін алуға 1500 орын бөлінеді. Экранан сарбаздардың онлайн режимде қалай бөлінетінін көреміз. Мұнда ҰБТ-ға ұқсас, QR коды бар сертификаттар бар. Оларды қолдан жасай алмайды. Мәселен, Номировский Родион Алексеевич оқуға 100 пайыздық жеңілдік ұсынысын алды. Құттықтаймыз! 1500 сарбаздың 350-і әскери оқу орындарын таңдаған, – деді А.Төлембаева.

Сонымен бірге Қорғаныс министрлігінде жедел желі құрылды, барлық толғандырған мәселелер бойынша +77051200417, +77087641616, +77172565360 нөмірлеріне хабарласуға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу