Антикор жастарды ерікті болуға шақырады – ШҚО
Д.Серікбаева атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «Антикор ерікті болуға шақырады» атты слет өтті.
Аталған универсиеттің студенттері ағымдағы жылдың тамыз айында басталған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасын жүзеге асыруға белсене қатысуда. Олар жобаға мүше ретінде тіркеліп, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған түрлі іс-шараларға ат салысады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Шара барысында сөз алған ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің превенция басқармасының басшысы Архат Бейсембаев Агенттіктің жұмысы туралы егжей-тегжейлі айтып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасының мақсатын түсіндіріп өтті. Сондай-ақ барлық қатысушыларды осы жобаға өз үлестерін қосуға шақырды.
Слет соңында Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасына аясында белсенді жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін атап өтті.