ШҚО-да түлектердің шетелге кетуі алты есеге азайды
Шығыс Қазақстанда 2017 жылдан бері «Білікті маман» жобасы сәтті жүзеге асырылып жатыр.
Мәселен, соңғы үш жылдың ішінде 857 маман оқытылған. Соның ішіндегі 660 адам жұмысқа орналасты. Бұл туралы білім басқармасының басшысы облыс әкімдігінің отырысынды баяндады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
– Нәтижеде мектеп түлектерінің жақын шетелдегі жоғары оқу орындарына кетуі алты есеге азайды. Осы жоба шеңберінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен өңірдің еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жеті жыл ішінде облыс әкімінің 2576 білім беру гранты білім, медицина, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерия, құрылыс, ветеринария және ауыл шаруашылығы бағыттары бойынша жоғары білімі бар мамандарды даярлауға бағытталған, – деп мәлімдеді ШҚО білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева.
2021-2022 жылдары жоба бойынша 569 студент даярланды, оның ішінде 438 адам (77%) жұмысқа орналастырылды. 2023 жылы түлектер саны – 288 адам, жұмысқа орналасудың алдын ала көрсеткіші – 224 адам, яғни 77,8%.
– Егер 2016 жылы 1800 мектеп түлегі, 2023 жылы 270 мектеп түлегі шетелдің жоғары оқу орындарына түскен, – деді Иннеса Чернышева. – Осылайша, өңір мектептері түлектерінің жақын шетелдегі жоғары оқу орындарына кетуі алты есеге қысқарды.
Жоба нәтжесінде өңір мектептерін тәмамдаған түлектердің 2023-2024 оқу жылында 2284 орын қажеттілігі бар.
Оқи отырыңыз