«Жайлы мектеп» жобасының жүзеге асырылуы қоғам бақылауында болады
Фото: alashainasy.kz
Оқу-ағарту министрлігі «Жайлы мектеп»жобасының жүзеге асырылу барысына қоғамдық мониторинг жүргізбек.
Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Kazinform агенттігінен сілтеме.
Осы ретте Еділ Оспан мүдделі тараптар мен қоғамдық ұйымдардың белсенді мүшелерін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысын бірлеске қадағалауға шақырды.
Ал «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ғабит Малғаздаров 2023-2024 жылдары аралығында еліміз бойынша бірінші кезекте салынатын 208 мектептің құрылысына қатысты конкурстық рәсім аяқталғанын айтты.