Алтайда үш жүз тоннаға жуық шөп өртеніп кете жаздады

Фото: ШҚО ТЖД
Алтай ауданының Малеевск ауылында үш жүз тоннаға жуық шөп өртеніп кете жаздады.
Оқиға шаруа қожалығының аумағында болған, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.
«Аудандық өрт сөндіру бөлімінің, орман шаруашылығының және шаруа қожалығының қызметкерлері бірлесіп тілсіз жаумен арпалысты. Оларға ауыл адамдары да қол ұшын берді. Өрт 28 тонна пішенді шарпыған. Мамандар 240 тонна шөпті сақтап қалды – деп мәлімдеді ШҚО ТЖД.
Төтенше қызмет өкіледірінің айтуынша, әлдебіреу қасақана от қойған болуы мүмкін немесе өрт айбасызда тұтанған.
Оқи отырыңыз