Костенко шахтасында қаза болған 46-шы кеншінің денесі табылды
Фото: kaz.nur.kz
Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада қаза тапқан 46-жұмысшының денесі 6 қараша күні кешке жердің бетіне шығарылды.
Оны шамның батареясындағы жеке нөмірі арқылы таныған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- 6 қараша күні сағат 20:00 шамасында Костенко атындағы шахтадан қаза тапқан 46-шы шахтердің денесі табылып, жер бетіне шығарылды. Қажетті сараптамалар жүргізілді. Іздестіру жұмыстарына "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі республикалық орталық штабы" ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушылары жұмылдырылды, іздеу жұмыстары күні-түні жүргізілді, – деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Шахтада қаза болған 46-кенші Александр Валерьевич Прокудин екені белгілі болды.
Оқи отырыңыз