KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, З
489.36 533.45 4.99

Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим күшіне енді

Фото: baribar.kz

10.11.2023, 11:46 194 Ләззат Қанатқызы

10 қарашада Қазақстан мен ҚХР Үкіметі арасындағы визасын режим күшіне енді.

Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, осы келісімнің 1-ші бабына сәйкес екі елдің азаматтары жеке істерді, туризмді, ем қабылдауды, халықаралық тасымалдарды, транзиттік, сондай-ақ іскерлік мақсаттарды жүзеге асыру үшін визалық талаптардан босатылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Яғни, бүгіннен бастап Қазақстан мен Қытай азаматтары елге кіру үшін алдын ала виза рәсімдемей-ақ көрші мемлекеттің аумағында 30 күнге дейін немесе 180 күнтізбелік күн ішінде 90 күнге дейін жүре алады.

Егер 30 күннен артық болу қажеттілігі болса, тиісті санаттағы кіру визасын рәсімдеуі керек.

Айта кету керек, визасыз режим жұмысқа орналасуға, оқуға және миссионерлік қызмет жасауға құқық бермейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив