ШҚО-да мас күйде көлік тізгіндеген үш жүргізуші ұсталды
Шартты сурет
ШҚО-да көлік жүргізу құқығынан айырылып, мас күйде көлік тізгіндеген жүргізушілер анықтады.
Полиция қызметкерлері автокөлік жүргізушілерін мас күйде көлік жүргізбеуге және жол жүрісі қағидаларын сақтауға шақырады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Тәртіп сақшылары Алтай қаласында орта деңгейдегі мас күйде “ВАЗ-2101” маркалы автокөлігін тізгіндеген 45 жастағы тұрғынды тоқтатқан. Осыған ұқсас факт Риддер қаласында да болды. Қала көшелерін патрульдеу кезінде орта дәрежелі масаң күйде көлік басқарған 51 жастағы тұрғын ұсталды. Тексеру барысында екі жүргізушінің де көлік құралдарын басқару құқығынан 7 жылға айырылғаны анықталды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Ал, облыс орталығының 38 жастағы тұрғыны өмір бойы көлік басқару құқығынан айырылса да, мас күйде көлік тізгіндеген.
- Қазіргі уақытта аталған автокөліктер мамандандырылған автотұраққа қойылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеулер жүргізілуде, - делінген ведмоство хабарламасында.
Оқи отырыңыз