ШҚО-да екі бала иіс тиіп уланды
Фото: ШҚО ТЖД
Шығыс Қазақстан облысында екі бала иіс тиіп уланып, ауруханаға түсті. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.
Оқиға Ұлан ауданындағы Восточное ауылында болған. Балалардың бірі 2009 жылы, екіншісі 2012 жылы туған. Екеуі де қазір Өскемендегі «Ана мен бала орталығының» емханасында, деп хабарлайды деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
ТЖД өкілдерінің айтуынша, жер үйдің мұржасы тазаланбағандықтан осындай оқыс жағдай болған.
«Қызметкерлер үйдің иесіне биыл, осы жағдай болмай тұрып, өрт қауіпсіздігі ережелерін, пешті орнату және пайдалану қағидаларын түсіндірген. Жалпы жылу маусымы басталғаннан бері азаматтық қорғау қызметі аймақтағы 83 000 тұрғын үйді аралап, төтенше жағдайдың алу үшін тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, нұсқаулық берген», - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД.
Құтқарушылардың айтуынша, пештің ысырмасын жауып қойғанда немесе мұржа дұрыс тартпаған кезде иіс тию жиі болады.
«Жер үй тұрғындары пешті үнемі тексеріп, тазалап отыруы тиіс. Мұржаны уақытлы күл мен ыстан тазартқан жөн. От жағып қойып, балаларды үйде қараусыз қалдыруға болмайды, – деп ескертті ШҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.
Оқи отырыңыз