ШҚО: "Ауыл – ел бесігі" жобасы аясында 256 жұмыс орны ашылды
Ағымдағы жылы ШҚО-да "Ауыл – ел бесігі" жобасы аясында 53 жоба іске асырылып, 256 жұмыс орны ашылған.
Биыл Қасым Қайсенов кентінде кәріз желілері салынды. Күршім ауданына қарасты Қаратоғай ауылындағы денсаулық сақтау объектілеріне, мектептерге және Шемонаиха ауданындағы Верх-Уба ауылының клубына күрделі жөндеу жүргізілген, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Сонымен қатар жол инфрақұрылымы мен көшелерді жарықтандыру бойынша да бірқатар жобалар атқарылған.
- Аймақта аталған жоба аясында 256 жұмыс орны құрылды. Глубокое, Күршім және Шемонаиха аудандары бойынша жобалар толықтай аяқталды. Кейбір жобалар келесі жылға ауысады, - деді облыс әкімдігінің отырысында ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы міндетін атқарушы Динара Жұманова.
ШҚО әкімі Ермек Көшербаев жобаларды іске асыру кезінде бірінші кезекте жұмыс сапасына назар аудару қажеттігін ерекше атап өтті.
Оқи отырыңыз