Глубокое ауданында 4 ауылға көше жарығы орнатылады
Шартты сурет
Глубокое ауданында «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыру шеңберінде жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 4 ауылға көше жарығы орнатылады.
Бұл туралы аудан әкімі Эльдар Тумашинов мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Ағымдағы жылы 4 ауылға, атап айтқанда, Предгорное, Винное, Черемшанка, Секисовка ауылдарына көше жарығы орнатылатын болады.
– Биыл 19 шақырымнан астам кентішілік жолдарды жөндеп, 600-ден астам көше жарықтандыру тіректерін орнату жоспарлануда. Сонымен қатар 9 ауылда, яғни 226 разъезд, Верхнеберезовский, Черногорка, Планидовка, Прапорщиково, Глубокое, Белоусовка, Кожохово, Бобровка ауылдарындағы ұзындығы 15,3 шақырым көшелерге ағымдағы жөндеу (шұңқырлы және қиыршық тасты төгу) жүргізілетін болады, – деді аудан әкімі Эльдар Лұқбекұлы.
Сондай-ақ 7 ауылдың көшелеріне 260-тан астам жарықтандыру тіректері орнатылмақ.