KZ
Өскемен
-7°
туман жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Қазақстанда ақылы жолдардың саны артады

Фото: egemen.kz

28.11.2023, 13:16 164 Ләззат Қанатқызы

Елімізде ақылы жолдардың саны артпақ. 2029 жылға дейін реконструкциялау жұмыстарының аяқталуына қарай, мұндай жолдардың көлемі 11 мың шақырымға жеткізіледі.

ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев еліміздегі жолдарды күтіп ұстауға жыл сайын 60 млрд теңге көлемінде қаржы жұмсалатынын айтты. Яғни республикалық бюджетке түсетін салмақты азайту мақсатында ақылы жолдар бірдіндеп артады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

- Қазір 3 мың 200 шақырымда ақылы жүйе енгізілген. 11 айдың қорытындысы бойынша 26 млрд 500 млн теңге қаражат түсті. Келесі жылы қосымша 1 мың 200 шақырымға ақылы жүйе енгізуді жоспарлап отырмыз, - деді көлік министрі.

Сондай-ақ ол Қазақстандағы ақылы жолдар тарифтері, жақын және алыс шет елдермен салыстырғанда ең төмен екенін де атап өтті.

- Кейінгі уақытта транзиттік ағынның өсуіне байланысты, жөнделген жолдарды нормативтік жағдайда сақтау үшін, жол ақысын қайта қарау бойынша жоспарлы жұмыс істеліп жатыр. Ақылы жүйе бірінші кезекте транзиттік көлік құралдарынан қаражат жинауға бағытталғанын ескере отырып, отандық тасымалдаушылар үшін ай сайынғы және жылдық абоненттік төлем көзделген, - деді Марат Қарабаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив