KZ
Өскемен
-18°
туман жел 1 м/с, З
504.6 594.27 6.48

AMANAT жастары "Қауіпсіз қоғам" кампаниясын іске асырып жатыр — ШҚО

6.12.2023, 11:11 221 Оразай Жеңісұлы

Президент тапсырмасы бойынша Шығыс Қазақстан облысында «Қауіпсіз қоғам» қоғамдық кампаниясы іске қосылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Кампания аясында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы рейдттер, кәмелеттік жасқа толмаған азаматтардың түнде қоғамдық орындардарда, түнгі клубтар мен мейрамханаларда ата-анасының бақылауынсыз жүруіне жол бермеу мақсатында  мониторингтер және әлеуметтік эксперименттер жүргізілуде.

Бұл жұмыстардың барлығы «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен жүзеге асып жатқанын айтуымыз керек. 

- Біздің жатсар көптеген ірі әлеуметтік, экологиялық, патриоттық, мәдени-бұқаралық іс-шаралардың және қайырымдылық пен игі бастамаларды жүзеге асыруға ат салысып келеді, - дейді "AMANAT" партиясы жанындағы "Жастар Рухы" ЖҚ-ның ШҚОФ төрағасы Қорлан Туғамбаева.

Естеріңізге саламыз, Шығыс Қазақстан облысы бойынша "AMANAT" партиясының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының l форумы өтіп жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу