KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
485.11 523.82 5.02

ШҚО-да "Қауіпсіз қоғам" науқаны жалғасып жатыр

24.11.2023, 09:53 137 Оразай Жеңісұлы

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Шығыс Қазақстан облысында Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде қоғамдық тәртіпті сақтау, отбасылық-тұрмыстық мәселелермен және вандилизммен күресу мақсатымен «Қауіпсіз қоғам» науқаны басталған.

Науқан аясында 23 қараша күні «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанатының өңірлік филиалындағы белсенділер тәртіп сақшыларымен бірлесіп жедел профилактикалық іс-шара өткізді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

«Бұл іс-шараның мақсаты – көлік объектілерінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалау, құқық бұзушылыққа жол бермеу және қандай да бір заңға қайшы әрекеттің алдын алу», - деді «Жастар Рухы» ЖҚ-ның ШҚОФ төрағасы Қорлан Туғамбаева.

Белсенділер мен полиция өкілдері іс-шара аясында қала тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, негізгі ережелер көрсетілген парақшалар таратты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив