Ассамблея жұмысының жаңа бағыттары талқыланды
ШҚО-ға «Бейбітшілік пен келісім жолымен» Қазақстан халқы Ассамблеясы халықтық экспедициясының өкілдері келіп, өңірдегі Ассамблея белсенділерімен және жастармен кездесті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
«Ассамблея Жастары» қоғамдық бірлестігінің өкілі, Қазақстандағы ұйғыр жастар одағының төрағасы Рустам Кайриевтің сөзінше, Ассамблеяның жұмыс бағыты біршама өзгерген. Бүгінде ол елдегі бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту жұмыстарымен қатар қоғамдағы түйткілді мәселелерге де белсене араласады. Мәселен, «Болашақтың Топ-50 мамандығы» жобасы аясында елімізде сұранысқа ие мамандықтар бойынша жастарға бағыт-бағдар беру, мемлекеттік тілді үйренуге бағытталған «Үйде сөйле» жобасын жүзеге асыру және жас блогерлер форумын ұйымдастыру сияқты маңызды шараларға мұрындық болды.
Өскемендегі Достық үйінде өткен кездесу барысында елдегі бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтумен қатар Ассамблея мен белсенді жастардың қоғамды шоғырландырудағы рөлі, этносаралық сауаттылық және этномедиация негіздері сияқты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.
Айжанат Бақытқызы