KZ
Өскемен
-24°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
510.95 594.49 6.5

Белсенді жастар «Жылулық сыйла» акциясын бастады

13.12.2023, 10:59 423 Қызырбек Дүргінбайұлы

Қаһарлы қыстың аязында көшеде жұмыс істеп жүрген жандарға ыстық шай таратты, - деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Оларға жылулық сыйлау үрдісі соңғы жылдары дәстүрге айналып келеді. Соның бір дәлелі белсенді жастар «Жылулық сыйла» акциясын биыл да жалғастырды.

– Бүгін екінші күн «Жылулық сыйла» акциясы аясында Өскемен қалалық волонтерлар орталығының еріктілері @tazaoskemen коммунальдық қызметкерлеріне ыстық шәй мен тіскебасарлар таратты. Күннің суығына қарамастан қаламыздың тазалығын қамтамасыз ететін @tazaoskemen қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз!, – деп жазды өздерінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Иә, жаныңыз жаурағанда мейірім сыйлап, суық тоңдырғанда шәй ұсынар жастардың болғаны қуантады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу