KZ
Өскемен
+24°
ясно жел 2 м/с, В
471.46 504.79 5.53

Аязда жұмысшыларға ыстық шай қандай тамаша - Өскемен

14.01.2021, 17:16 139
– Облыс оталығында «Өскемен-Тазалық» мекемесінде 100-ден астам қызметкер жұмыс істейді. Олар сақылдаған сары аязда қала көшесінде қар күреп, аптап ыстықта қоқыс сыпырады. Біз сол кісілерге ыстық шәй мен тәтті-дәм ұсындық. Жастардың алғысының белгісі деп біліңіз, – дейді облыстық жастар ресурстық орталығының маманы Еркежан Досмұхамбетова.

Бұл – «Жылу сыйла» деп аталатын акция. Үрдіске айналып кеткен. Оны аталмыш орталық ұйымдастырып, іске асуына қаланың ерікті ұл-қыздары атсалысады.

– Суық күнде автобус тосу оңай емес. Сондықтан аялдамалардағы қарапайым халыққа да барымызды ұсынып, бір сәт көңілдерін ауладық, – дейді Еркежан.

Оның айтуынша эстафетаны барлық аудан мен қаланың жастары да жалғастырады. Тіпті «бүгін түстен кейін бастаймыз» деп, әзір тұрған өңірлер де баршылық.

– Шара бірінші кезекте санитарлық нормаларды сақтап, медициналық маска тағып, барлық ережелерді сақтай отыра ұйымдастырылады, – дейді маман.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив