Өрттен 89 жастағы әйел жапа шекті
Фото: ШҚО ТЖД
Тілсіз жау облыс орталығындағы Пермитин көшесінде орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйден шыққан.
Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер өрттің 3 қабаттағы пәтерден шыққанын анықтады, - деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Отқа оранған үйдің ішінен 1934 жылы туған пәтер иесі ес-түссіз күйде табылды.
Өрт сөндірушілер оны түтін аймағынан шығарып, тыныс алу аппараттарымен оттегі беру арқылы алғашқы көмек көрсетті. Зардап шегуші бірінші қалалық ауруханаға жеткізілді.
- Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұраймыз. Электр тоғын шамадан тыс пайдаланбаңыз. Үйден шығар алдында, электр құралдарын қараусыз қалдырмаңыз - деп хабарлайды ШҚО ТЖД.
Өрт болған жағдайда 101 немесе 112 нөміріне хабарласу керек.
Оқи отырыңыз