"Қазақстандықтарға өтемақы төленеді". Желіде Әлихан Смайловтың видеосы тарауда
primeminister.kz
Әлеуметтік желіде ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың интернет-алаяқтардың әрекетінен зардап шеккендерге өтемақы төленетіні жайлы айтқан видеосы таралып жатыр.
Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.
Видеода Қазақстанда "ұрланған қаражатты қайтару және өтеу жөніндегі" комитет құрылғаны айтылады. Бұл - өтірік. Елімізде мұндай комитет жоқ және болған да емес.
Бұған дейін алаяқтар Қасым-Жомарт Тоқаевтың суретін де бірнеше рет қолданған: Президент атынан олар белгілі бір мұнай компаниясына немесе Илон Масктың жобасына "инвестиция салуға" шақырған болатын.