Қазақстанда алтын мен күмістің қанша тонна қоры бар?
Фото: Inbusiness.kz
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі елімізде барланған алтын мен күміс қорына қатысты мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, өткен жылы 9 айда уәкілетті ұйым бағалы металдар мен асыл тастан жасалған зергерлік бұйымдарды өндіретін 199 заңды және жеке тұлғаны тіркеген.
«Оның ішінде елімізде өндірілген алтын мен күмістен зергерлік бұйым жасайтын негізгі кәсіпорындар мыналар: «Қазақювелир» АҚ, «ЮП Жемчужина» ЖШС, «Алматинский ювелирный завод» АҚ, «Aisafi» АҚ, «Diamond Exclusive» АҚ, «Адамант Сервис» АҚ, «Зергер Плюс» ЖШС, «Kazyna Gold Jewelry» ЖШС, «KY Factory» ЖШС, «Senat Gold» ЖШС, «SILVER PRICE» ЖСШ, «ЮФ Тенгри Голд» ЖШС, «ADAMI» ЖК, «Т.Р.З.К.» ЖК және «Кристалл-L» ЖК», - деп атап өтті министрлік өкілі.